Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бес жұмысшы күйіп қалып, ауруханаға жеткізілді

Жедел жәрдем,  Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, бес жұмысшы, күйік шалу, аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 20:16 Сурет: Zakon.kz
19 маусымда Ақтөбе ферроқорытпа зауытының (АФЗ) бес жұмысшысын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына берген дерегіне сәйкес, сағат 16: 02-де "103" жедел байланыс желісіне АФЗ медбикесінен күйік шалған зардап шегушілер туралы хабарлама келіп түсті.

"42 жастағы ер адамның беті мен екі иығы тұсын от жалыны шарпып, оған шұғыл көмек көрсетілді. Көктамырына ауырсынуды азайтатын дәрі салынып, дәке таңылды. Науқас көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді", - деді басқармадан.

Алайда оның ауруханаға жатудан бас тартқаны айтылады.  

Сондай-ақ, аяқ-қолдары күйіп қалған тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді.

"Науқастар травматикалық пунктте қаралды. АФЗ-ның санитарлық бригадасы жеткізген зардап шеккендердің терісіндегі зақымдану алаңы 5-тен 13% аралығын қамтиды. Олар травматология бөлімшесіне жатқызылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: