Алматыда автобуспен болған жантүршігерлік жол апаты: төрт адам ауыр жарақат алған

Алматыда автобуспен болған жантүршігерлік жол апаты: төрт адам ауыр жарақат алған, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2024 14:24 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы 26 маусымда жол апатына ұшыраған автобустың жолаушыларының хәлі жайлы тың ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның ақпаратынша, кешенді тексерулерден кейін төрт ересек адам қалалық стационарларға жатқызылды.

"Науқастардың төменгі және жоғарғы аяқтарының сүйегі сынған. Жағдайлары орташа ауырлық дәрежесінде бағаланды. Оларға қажетті емдік шаралар көрсетілуде",-деп хабарлады департамент.

Қалған зардап шеккендер дәрігерлердің қарауынан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді.

"Барлығы 24 адам медициналық көмекке жүгінді. Бір адам жедел медициналық көмек келгенге дейін қайтыс болды", – деп толықтырды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетсек, 2024 жылдың 26 ​​маусымында кроссовер автобусты қағып, екіншісі жолдан шығып дүкенге соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 25 жолаушы зардап шекті, біреуі оқиға орнында қаза тапты. Полицейлер жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: