Жаңалықтар тізбегі
0

15 жасар жасөспірімнің жазасы жеңілдеді - оның соққысынан кейін азамат жан тәсілім еткен болатын

15 жасар жасөспірімнің жазасы жеңілдеді - оның соққысынан кейін азамат жан тәсілім еткен болатын , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2024 15:55 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айыппен сотталған 15 жасар баланың үкімі, апелляциялық сатыдан кейін жеңілдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық істің апелляциялық соты 26 маусымда өтті.

"Өткен жылдың 25 маусымында 15 жасар Т. кешкі сағат жеті шамасында Қонаев қаласының демалыс аймағының алдында болған жанжал кезінде жәбірленуші К. – ны жақ аймағынан оң қолымен бір рет соққы жасаған. Соңғысы соққыдан жерге құлап, есінен танып қалған, бұл ретте сот анықтағандай жәбірленушінің Т. соққысынан емес, өз бойының биіктігінен құлауынан және басын жерге соғудан ауыр дене жарақатын алғаны анықталды",- делінген хабарламада.

2023 жылдың 21 шілдесінде жәбірленуші К. алған жарақаттан, кома күйінен шықпай, қайтыс болды.

Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 26 сәуірдегі үкімімен ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша бас бостандығынан айыруға 6 жыл 8 ай жаза тағайындалды.

"Сотталушының кінәсі ҚК-тің 104-бабының 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және оқиғаның бейнежазбасымен толық дәлелденген. Апелляциялық сот алқасының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі өзгертілді",- деп хабарлады Алматы облыстық соты.

Т.- ның әрекеттері қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінен 104-бабының 1- бөлігіне қайта сараланып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, Т. жазасын кәмелетке толмағандарды ұстау үшін орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтейді.

Өндіріп алынған моральдық зиян өтемақысының мөлшері 10 млн.нан 3 млн.теңгеге дейін төмендетілді.

Қаулы заңды күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: