Адам өлтіріп, жазасын өтеген блогер танысу сайттарынан қайта көрінді

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2026 09:54 Фото: pexels
Блогер Reeflay (шын аты-жөні — Станислав Решетняк) танысу сайттарында жүр. Оған адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газета.ru" мәліметінше, 2021 жылы ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылған.

Решетняк аудиториясынан ақша алып, сүйіктісін қорлаған кезекті треш-стримнен кейін қылмыстық істің басты кейіпкері атанды. Ол ікелей эфир кезінде ол әйелді киімсіз балконға шығарып жіберіп, әйел қайтыс боламын дегенше трансляцияны тоқтатпаған. Дәрігерлер де әйелді аман алып қалуға үлгермеген.

Оның жаңа аккаунттары бар екеніне ТМД елдеріндегі қыздар назар аударған. Олар басқа қолданушыларға ескертіп, оның профильдеріне жаппай шағымдана бастаған.

Решетняк танысу сайттарының біріндегі жеке ақпаратында тек шынайы кездесулерді қалайтынын жазған. Ал басқа бір сайтта Амстердамда тұратынын көрсеткен.

Бұған дейін 21 жастағы жігіттің жол бойында аю талап өлтіргені туралы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: