Павлодарда жас жігіт орталық жағажайдағы суға батып кетті

Павлодарда жас жігіт орталық жағажайға батып кетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 09:35 Сурет: pixabay
28 маусымда сағат 16:00-де Павлодардағы орталық жағажайда 19 жасар жігіттің суға батып кеткені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмадан бастап іздеу жұмыстары жүргізілген. 30 маусымда кешке куәгерлер оның денесін тапты. Мәйіт судан ОСО күштерімен шығарылды.

Айта кетейік, сол күні, 28 маусымда сағат 00:58-де Торайғыр көліне шомылуға барған 11 және 13 жастағы ағайынды екі бала суға батып кетті. Жеткіншектер шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: