Жаңалықтар тізбегі
0

Қонаққа барған: Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді

Қонаққа барған: Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 10:28 Сурет: ШҚО әкімдігі баспасөз қызметі
Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданындағы селден ауыл тұрғындар мен туристер арасында қаза тапқандар ішінде Шығыс Қазақстанның балалары да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО әкімдігінің ақпаратынша, қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Туристік аймаққа түскен селдер кішкентай жеткіншектердің өмірін қиып, екі елге де орны толмас қайғы әкелді.

1 шілде күні қаза тапқандардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды.

"Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар жерлеу рәсімін ұйымдастырып, өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді",- делінген хабарламада.

Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты туыстарына көңіл айтты.

Бұған дейін Қырғызстан ТЖМ Ноқат ауданында табиғи апаттан жеті адам қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: