Астанадағы ірі қонақүйдің бассейнінде жарақат алған әйел өтемақы ретінде 1,3 млн теңге талап етіп, сотқа берді
Бассейннің жұмысын құны бассейнді қамтитын қонақүй қызметтерін көрсететін ЖШС жүзеге асырады.
"Қонақ үй бассейніндегі әйелдің жарақат алу салдарынан сан сүйегі сынған. Ол жарақат алған сәттен бастап, ұзақ уақыт емделген. Оған уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ашылған.Талап қою ішінара қанағаттандырылды: ЖШС-нен талап қоюшының пайдасына 1,1 млн теңге жоғалған табыс және 160 мың теңгеден астам дәрі-дәрмек және авиабилет сатып алуға кеткен шығын өндірілді. Жауапкердің қызмет көрсету кезінде талап қоюшының денсаулығына зиян келтірудегі кінәсі ішінара деп танылғандықтан, 50 мың теңге моральдық зиянды өтеу туралы талап ішінара қанағаттандырылды",-делінген ҚР Жоғарғы соттың 9 шілдедегі хабарламасында.
ҚР СТ 2985-2017 "Хауыз қызметтері" халыққа қызмет көрсетудің ұлттық стандартында бассейн қызметтерін көрсету кезінде келушілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі және олардың мүлкінің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Олардағы тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп деңгейі ең аз болуы керек. Қызметтер қауіпсіздік шараларына сай болуға тиіс.
Сотта анықталғандай, талап қоюшы бассейн аймағына арнайы резеңке аяқ киімсіз кіргізілген, соның салдарынан тайып құлап, дене жарақатын алған.
Бұл жауапкер көрсеткен қызмет сапасының төмендігін көрсетеді. Соның салдарынан оның денсаулығына зиян келген.
Алайда, сот залал сомасын азайту қажет деп санады. Өйткені, бұл талап қоюшының бассейн аумағында тайғанамайтын аяқ киім киюге қатысты өрескел немқұрайлылығы деп танылған, ондай аяқ киім кию керектігі Ережеде көзделмеген.
Оқиға Ережеге сәйкес келушілерде арнайы резеңке аяқ киім болуын талап ететін бассейн аймағында болған. Осылайша, талап қоюшы бассейнді пайдалану ережесін бұзған. Демек, Ережелерді елемей, залал келтіруге ықпал етіп, талап қоюшының өзінің өрескел немқұрайлылығы орын алған.
Белгіленгеннен парасаттылық пен әділдік өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып, сот материалдық залалды өтеу мөлшерін талап қоюшының кінәсінің дәрежесіне (50%) барабар азайтты.
"Шешім заңды күшіне енген жоқ".ҚР Жоғарғы Соты
8 шілдеде Астана мен Шымкентте террористік сипаттағы қылмыс жасады деген айыппен үш адам сотталды.