Шымкент зообағы жаңа бір тұрғынмен толықты
Сурет: pixabay
Шымкент зоосаябақ өкілдері жағымды жаңалықпен бөлісті. Анықталғандай зоосаябақтың ерекше тұрғыны қуызмүйізділер тұқымадасының өкілі зубр жануары төлдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 9 шілдеде мекеменің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.
"Бұл әлемде зоосабаяқтар арасындағы тарихи жағдайлардың бірі болып табылады. Себебі ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Европадағы табиғи және антропогендік жағдайлардың әсерінен зубрлар саны 30 бас ғана болды".Шымкент зоосаябақ баспасөз қызметі
Соңғы есеп бойынша 2023 жылы зубрлардың саны 10 мыңнан асады. Олардың 3000 ға жуығы қорықтар мен зоосаябақтарда тіршілік етеді.
Әрі қарай мамандар тіршілік иесіне толыққанды тоқталып өтті:
"Зубрларға келер болсақ, олар жабайы орман бұқасы. Европадағы ең ірі тұяқты жануар. Олардың денесінің ұзындығы 3,5 м дейін жететін болса, биіктігі 2 м асады. Ал Салмағы 1 тоннаға жетуі мүмкін".
Сондай-ақ, қазіргі уақытта зубр бұзауының жағдай жақсы екендігі де аталып өтілді.
"Зоосаябақ көрермендері үшін зубр бұзауын көруге мүмкіндігі бар. Зубр бұзауы жаңбырды қатты ұнатады және шеңбер болып айналғанды жақсы көреді".Шымкент зоосаябақ баспасөз қызметі
Қорытындылай келе, саябақтың жаңа тұрғынына лақап ат ұсынуға болатындығы айтылды.
"Қазіргі уақытта зоосаябақ ұжымы зубрдың бұзауына(аталық) жаңа лақап ат іздеуде. Егер де сіздердің ұсыныстарыңыз болса, төменге пікірге жаза кетіңіз".
Алматы зообағы пілдердің аптап ыстықтан қалай сақтанып жатқанын көрсетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript