Балық басынан шіриді: Ақмола облысының әкімдігінде шенеуніктер төбелесті
Сурет: pxhere
2024 жылдың мамыр айында Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы жұмыс орнында төбелесті. Бүгін, 12 шілде, сотта олардың қақтығысына нүкте қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Шортанды аудандық сотында аудан әкімінің орынбасары "А." және аппарат басшысы "Б." бір-біріне қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.
Сотта анықталғандай, 2024 жылдың мамырында "А." мен "Б." әкімдік ғимаратында жұмыс орнында бола тұра, сөздік жанжал тудырып, арты өзара төбелеске ұласты.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, олар бір-біріне жеңіл зиян келтірген.
Сотта екеуіде өз кінәсін мойындаған жоқ.
"Сот қаулысымен аудан әкімінің орынбасары "А."және аппарат басшысы "Б." Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-тармағы бойынша (құқық бұзушылық жасалған сәттегі редакциясында) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың әрқайсысына 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды",- делінген соттың шешімінде.
Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript