Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде жаңа универистет құрылады

Елімізде жаңа универистет құрылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2024 14:50 Сурет: unsplash
Қазақстанда су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 15 шілдеде Үкіметтің баспасөз қызметінде айтылды.

"Үкімет еліміздің су шаруашылығы саласына кадр даярлау шараларын қолға алуда. Тараз қаласында жаңадан құрылған су шаруашылығы және ирригация университеті өз жұмысын бастайды. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды",-делінген ақпаратта.

Биылғы сәуір айында ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Тараз гидромелиоративтік-құрылыс институтын тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету арқылы қалпына келтіру шараларын қабылдауды тапсырған болатын.

"Аталған міндетті іске асыру шеңберінде Үкімет "М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта құру және оның негізінде екі ЖОО — "М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын ("ТарУ" КеАҚ) және "Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын ("ҚазҰСШИУ" КеАҚ) құру туралы шешім қабылдады. Оқу орындары олардың жарғылық капиталдарына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы арқылы құрылды". ҚР Үкіметі баспасөз қызметі

ҚазҰСШИУ-дағы білім беру бағдарламалары:

  • "Су шаруашылығы және мелиорация",
  • "Геодезия және картография",
  • "Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс",
  • "Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері",
  • "Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар".

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа ЖОО студенттер қабылдай алады деп жоспарланып отыр.

"ҚазҰСШИУ-ға 2024-2025 жылдарға 245 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының нысаналы квотасы (бакалавриатқа – 210, магистратураға – 20, докторантураға – 15) бөлінді. Білім беру цикліндегі жалпы контингент саны 4 000 білім алушыны құрайды".ҚР Үкіметі баспасөз қызметі

"М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" КЕАҚ екі жоғары оқу орнына бөлінетіні туралы 2024 жылғы 10 маусымда белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: