Қазақстаннан алты мың шетелдік шығарылды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ішкі істер министрлігі көші-қонды бақылау жұмыстарының жартыжылдық қорытындысын шығарды. Мамандар аталмыш мерзімдегі елдегі көші-қонды бақылау жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ мәліметінше, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 47 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
"Алты мың шетелдік республика аумағынан шығарылды. Олар енді бес жыл бойы елге кіре алмайды",- деп хабарлады ведомство.
Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін екі мың жұмыс берушіге айыппұл салынды.
"Тұрақты тұратын шетелдіктер арасында екі мың заң бұзушы анықталып, олардың елде тұруға ықтиярхаты күшін жойды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Енді еңбек иммигранттарымен электрондық еңбек шартын жасасуға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript