Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысындағы қарғын судан қираған көпір әлі жасалмаған

Абай облысындағы қарғын судан қираған көпір әлі жасалмаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2024 16:48 Сурет: pixabay
Абай облысында су тасқыны Көкпекті аудан орталығы мен Тассай ауылын біріктірген біртұтас көпірді қиратты. Көпірдің жөндеу жұмысы әлі басталған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kz мәліметінше, Тассай ауылынан Көкпектіге дейін шамамен 60 шақырым жер. Ал екі аралықты жалғап тұрған бұл көпір 2012 жылы салынған. Көктемдегі су тасқыны кезінде қарғын су жалғыз көпірді шайып кетті. Енді ауыл тұрғындары орталыққа қатынай алмай қиналып отыр.

"Тірліктің бәрі осы жолменен. Егер бұл көпір құлап қалып, жөнделмесе халық қатты тауқымет тартады. Ертең қазан,қараша айларында қыс ерте түседі. Үлкен машиналар өте алмайды. Ең бірінші отын келе алмайды ауылға. Ауырып сырқаған кісі болса жедел жәрдем машинасы да жете алмайды",- деді Тассай ауылының тұрғыны, Кәтірен Байжұманов

Аудан әкімінің міндетін атқарушы қысқа дейін жасап үлгермейміз деп қысқа қайырды. Айтуынша қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Бұған бюджеттен 21 млн теңге бөлінген.

"Объездноймен өтетін жағдай болса біз жағдай жасап беріп отырамыз. Ол жерге дежурный техника қоямыз. Қар бастырмаймыз. Жол болсада тазалап отырамыз. Ответсвтенный техника қоямыз. Баға да өспейді өйткені предпринмательдермен біз сөйлесеміз. Бір баға определенный болады".Марат Теміржанов, Көкпекті ауданы әкімінің м.а

Аудан әкімдігі көмірдің бағасы қымбаттамайды, ал жолаушылар жолда қалмайды деп сендірді. Осылайша Тассай ауылының тұрғындары осы қысты уақытша өткелмен жүріп өткеруге мәжбүр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: