Алматыдағы қала көшелерінің бірінде әйел адамның мәйіті табылды
Фото: Zakon.kz
24 шілде күні таңертең Алматыда қала көшелерінің бірінде әйел адамның мәйіті табылды. Қазіргі таңда полицейлер әйелдің қайтыс болу себебін анықтауда. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір қызығы мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
"Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталуда". Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі
23 шілде күні үш жасар қыздың мәйіті табылғандығы хабарланған болатын. Нақтыланғандай, қыз 2024 жылдың наурыз айында Күш ауылында жоғалып кеткен, Айя-София болып шықты. Қазір мәйіт генетикалық және сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Күдіктілер қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript