Мотоцикл тізгіндеген жасөспірім түйемен соқтығысып, көз жұмды

Мотоцикл тізгіндеген жасөспірім түйемен соқтығысып, көз жұмды , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 17:00 Сурет: Zakon.kz
Мотоцикл тізгіндеген жасөспірім түйемен соқтығысып, апат орнында қайтыс болды. Оқиға Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның ақпаратынша, жасөспірім жігіт алған жарақаттарының салдарынан сол жерде қайтыс болды.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп қорытындылады полиция.

Бұған дейін Атырауда 15 жастағы жігіттің бесінші қабаттан секіріп, қайтыс болғаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: