Павлодар облысында мотоцикл тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырап, көз жұмды

Мотоцикл, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2022 20:34 Сурет: Zakon.kz
10 шілдеде сағат 16:40-та Железинка ауылында Сарымов және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды.Yaqi200 маркалы мотоцикл "Газельге" барып соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Газель мен мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: