Алматыда полицейлер көпқабатты тұрғын үй шатырындағы өртті сөндірді

Көпқабатты тұрғын үй, шатыр, өрт, полиция, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 19:23 Сурет: Zakon.kz
31 шілдеде таңертең Самал-2 ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің шатыры түтіндеп жатқаны туралы полицияға хабар келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, ақпарат түскен бойда оқиға орнына "Буран-227" және "Буран-236" патрульдік жасақтары бірден жетті.


"Жағдайды көзбен көрген патрульдік қызметкерлер үйдің шатырына шығып, өрт сөндірушілер келгенге дейін мұржадан шығарылған түтінді жою шараларын қабылдады. Ғимарат көппәтерлі, халық тығыз орналасқан, сондықтан инспекторлар бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіздігін ойлады. Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер түтінді сөндіріп, оның шығу себебін анықтауға кірісті", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: