Елордалық криптовалютадан 600 млн теңге табыс тауып, бас бостандығынан айрылды
Сурет: рixabay
Астаналық тұрғын криптовалюта бойынша аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан, заңсыз кәсіпкерлік үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.
"А., «Астана» халықаралық қаржы орталығынан цифрлық активтер саласында қаржылық қызметтер көрсетуге лицензия алмастан, цифрлық активтер айналымы бойынша қызметке тыйым салынғанын анық біле отырып, 2022 жылғы қыркүйектен бастап 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде 615 375 063 теңгеге баламалы сомаға USDT криптовалютасын сатып алып, оны одан әрі айырбастау пунктінің айналым қызметінде пайдаланып, осылайша, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді қолма-қол ақшаға айырбастау жөніндегі заңсыз қызметті жүзеге асыра отырып, аса ірі мөлшерде табыс тапқан",-делінген соттың хабарламасында.
Сотталушы кінәсін ішінара мойындады.
Сот үкімімен А. ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушыдан 615 375 063 теңге мөлшерінде заңсыз алынған табыс және мемлекет кірісіне өндірілген соманың 3% мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript