Алматыдағы екі қызды алып қашу операциясы - полиция түсініктеме берді
Сурет: Zakon.kz
Алматыда екі студент қызды басқа елді мекенге қалыңдық ретінде алып қашу операциясы сәтсіз аяқталды. Оқиға жайында полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерден 5 тамыз күні түстен кейін Алматы жоғары оқу орындарының бірінің екі студенті жатақханадан шыққаны белгілі болды. Үш жігіт оларға Сарыағашқа апарып, үйленетінін айтып, көлікке күштеп отырғызбақ болған. Қыздар аяғы мен қолынан жарақат алғанына қарамастан, қашып үлгерді. Артынша дереу полиция шақырып, күдіктілер ұсталған. Бірақ, көп ұзамай полиция оларды босатқан.
Полицияның ақпаратынша, қыздар арыз жазудан бас тартқан.
"Алматы қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізгенін хабарлайды. Іс жүргізу барысында оқыс оқиғаға қатысушылардан өз таныстарына қатысты шара қолданбау және оларға наразылықтың болмауы туралы өтініш келіп түсті",-деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2024 жылғы 16 сәуірде Шымкент қаласында қыз алып қашу фактісі бойынша сот отырысы өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript