ҚАЖК басшылығына сөгіс жарияланды
Сурет: gov.kz
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бастығының әрекетіне байланысты, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі 19 тамыз күні мәлімдеді.
"Бұдан басқа, енгізілген ұсынымның нәтижелері бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен тиісті ведомстволық бақылаудың және профилактикалық жұмыстың болмауы үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы тәртіптік жауаптылыққа тартылды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі баспасөз қызметі
Атап айтқанда, Комитет төрағасы әділет полковнигіТ. Жәнібековке сөгіс, оның орынбасары әділет генерал-майоры М. Аюбаевқа, өздік қауіпсіздік, кадрлық жұмыс және тылдық қамтамасыз ету басқармаларының бастықтарына қатаң сөгіс жарияланды.
Бұған дейін осы іс бойынша СҚО қылмыстық істер жөніндегі басқарма басшысы пара алғаны үшін айыппұл төлеп құтылғаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript