Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ескі лифттерді 2025 жылдың ақпан айының ортасына дейін ауыстыру жоспарлануда

Қазақстанда ескі лифттерді 2025 жылдың ақпан айының ортасына дейін ауыстыру жоспарлануда, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 10:03 Сурет: pixabay
Қазақстандағы ескі лифтілер 2025 жылдың ақпан айының ортасына дейін жаңартылады. Бұл туралы ақпарат 2024 жылғы 21 тамызда Сауда және интеграция министрлігінде Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ескі лифтілер қатарына 25 жылдан бері пайдаланып келе жатқандары жатады.


"2025 жылдың 15 ақпанына дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер егер паспортта қызмет ету мерзімі туралы ақпарат болмаса, 25 жылдан астам пайдаланылатын лифтілерді ауыстыруы тиіс. Бұл талаптар 2013 жылғы 15 ақпанда күшіне енген КО ТР 011/2011 "Лифтілердің қауіпсіздігі" техникалық регламентінде бекітілген",- деп түсіндірді министрлік.

Мұнымен қоса, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ағымдағы жылы 224 лифтіні, ал келесі жылы 300-ден астамын ауыстыруды жоспарлаған.

2024 жылғы 15 маусымда Астанадағы мектептердің бірінде әйел адам лифт шахтасына құлап кетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: