Алматы облысындағы "Молл Апорт" сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны хабарланды

Полиция, Алматы облысы, жарылғыш зат, "Молл Апорт" СОСО, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2024 20:16 Сурет: Zakon.kz
Белгісіз біреулер 28 тамызда Алматы облысындағы "Молл Апорт" сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы анонимді хабарлама берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД мәліметінше, сағат 15:45-те облыстық ТЖД-ның электронды поштасына жарылғыш құрылғы туралы анонимді хабарлама келіп түскен.

"Ғимаратта болған 3500-ден астам адам дереу эвакуацияланды. Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шүғыл жетіп, барлық жерді жіті қарап шықты. Тексеру жұмысы сағат 19:20-да аяқталды, ақпарат расталмады", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны нақтыланады.

"Анонимнің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында. 
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: