Алматыда таксидің қатысуымен болған ЖКО: үш адам зардап шекті

Алматыда таксидің қатысуымен болған ЖКО: үш адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2024 10:12 Сурет: Zakon.kz
29 тамызда Алматыда Ахременко мен Чемолганская көшелерінің қиылысында Geely Emgrand маркасындағы "Яндекс.Такси" мен Chevrolet Cobalt автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сурет: Zakon.kz

Жол-көлік оқиғасы Chevrolet жүргізушісі Чемолганская бойымен батыс бағытта келе жатып, "жол беріңіз" белгісін елемей, қиылысқа шығып, Ахременко көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Geely көлігімен соқтығысқаннан кейін орын алды.

Сурет: Zakon.kz

Нәтижесінде екі көлік те тротуарға шығып кетті. Geely бір доңғалақпен арыққа құлады, ал Chevrolet Cobalt шам бағанына соғылды.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап, ЖКО рәсімдеумен айналысты.

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін қазақстандықтың жол көлік оқиғасында өзінің кінәсіздігін дәлелдеп, 3,5 млн теңгеге жуық өтемақы өндіргені хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: