Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық жол көлік оқиғасында өзінің кінәсіздігін дәлелдеп, 3,5 млн теңгеге жуық өтемақы өндірді

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон   , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2024 17:03 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде отбасының қайтыс болуына әкелген ЖКО жасады деп айыпталған әйел өзінің кінәсіздігін дәлелдеп, моральдық зиян өтемақысын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қаласы №3 сотына қылмыстық қудалаумен келтірілген моральдық зиян мен адвокат еңбегін төлеуге жұмсалған шығындарды өндіру туралы талап қою арызымен азаматша жүгінді.

Соттың ақпаратынша, Әйтеке би аудандық сотының үкімімен талап қоюшы ақталып, оған қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту салдарынан келтірілген зиянді өтеу құқығы танылды.

"Қылмыстық іс шеңберінде оған жолдың қарсы бағытына шығып, жүк көлігімен соқтығысты деген айып тағылған болатын. Соқтығыс нәтижесінде Ж. автокөлігінде болған жолаушылар қайтыс болған. Қылмыстық істі қарау нәтижесінде сот Ж.-ға тағылған екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы қағидаларын бұзу айыбы бойынша кінәсіз деп таныды",- деп хабарлады сот.

Талап қоюшыға қылмыстық іс шеңберінде «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат» бұлтартпау шарасы қолданылған.

"Сот талап қоюшының қозғалыс еркіндігі шектеулі болғанын, болған оқиғада отбасынан, оның ішінде үш кәмелетке толмаған баласынан айырылғанын, басынан өткен моральдық азаптарын ескере отырып, Ж.-ның пайдасына 2 000 000 теңге моральдық зиян және қылмыстық іс жүргізу кезінде адвокаттың еңбегін өтеуге есебіне 1 300 000 шығындарын өндірді".Ақтөбе қаласы №3 сотының баспасөз қызметі

Аталмыш жол көлік оқиғасы 2023 жылғы 21 ақпанда Самара – Шымкент автожолының 938 шақырымында орын алды. Mitsubishi Montero Sport көлігі қарсы жолаққа шығып, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Mitsubishi - ді басқарған 29 жастағы әйел ауруханаға түсті. Жолаушылар - 31 жастағы отбасы басшысы және үш кәмелетке толмаған бала (2017, 2015 және 2020 жылы туған) алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды, оның аясында джип жүргізушісі сотқа тартылды. 2024 жылдың 26 наурызында сот оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты оны ақтады. Сотта Mitsubishi қарсы жолаққа шықпағаны анықталды. Керісінше Volvo жүк көлігі жанармай таситын көлікті басып озуға тырысып қарсы бетке өткен. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: