Қарағандыда өліммен аяқталған ЖКО-ның себепкері изоляторға қамалды
Тергеу барысында ер адам көліктің дұрыс жұмыс істемегенін алға тартқан. Барлық дәлелдерді тексеру үшін анықтаушы автотехникалық сараптама тағайындады. Егер тергеу судьясы "қамауда ұстау" санкциясын берсе, ЖКО-ның себепшісі сотқа дейін қамақта болады.
Қарағанды облысы полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Азамат Ахметов істің полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екенін мәлімдеді.
Еске салайық, 2 қыркүйек күні Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты орын алғаны хабарланған болатын. Аманжолов көшесінде Lexus жүргізушісі қатты жылдамдықпен алдындағы көліктерді жайпап өткен. Салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.