ТЖМ алматылық құтқарушылардың киіміне қатысты сынға жауап берді
Сурет: әлеуметтік желіден алынды
ҚР ТЖМ "Выход к правде" Telegram арнасында және "Ұлыс медиа" басылымында жарияланған Алматы қаласы құтқару қызметінің құтқарушыларының құрал-жабдықтарына қатысты сыни ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған видео авторы Алматы тауларында құтқарушылар әскери ескі етікпен жұмыс істеуге мәжбүр екенін айтып, құзырлы органдардан адам өмірі үшін басын үнемі қауіпке тігетін жандарға арнайы етік бергізуді сұрайды.
Бұл сынға ҚР ТЖМ үн қатты. Құзырлы ведомствоның айтуынша, аталмыш қызмет түрі ТЖМ құрылымына кірмейді. Ол Алматы қаласы әкімдігіне қарайды, сондықтан осы қызметті жабдықтауға солар жауапты көрінеді.
"Қазақстан Республикасының аумағында Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты 20 жедел-құтқару жасағы, оның ішінде Алматы қаласында орналасқан Республикалық жедел-құтқару жасағы бар. ЖҚЖ құтқарушылары құрлықта, суда, су астында, биік тауларда және қауіптілігі жоғары объектілерде ерекше күрделі құтқару операцияларын орындайды, дүлей зілзалалар салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетеді. Ведомстволық бұйрыққа сәйкес ЖҚЖ құтқарушылары үшін азаматтық қорғау органдары құтқару бөлімшелерінің арнайы нысанды киім-кешегі бекітілді, тиістілігі мен тозу мерзімі көрсетілген нысанды киім-кешек үлгілері белгіленді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Сонымен қатар ведомство құтқарушылар киім-кешегі түсінің сәйкестігіне қатысты қызғылт сары түс халықаралық стандарттар мен төтенше жағдайларды белгілеу жүйелерінде кеңінен қабылданғанын айтады.
"Бұл киім-кешектің маңызды элементі, сонымен қатар мамандық пен құтқарушылардың ТЖ-ға дайындығын білдіреді. Бұл бірлескен операцияларды жүргізу кезінде халықаралық ұйымдармен және құтқару қызметтерімен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жеңілдетеді. Сонымен қатар бұл мамандарды оңай анықтауға және төтенше жағдайда көмек сұрауға көмектеседі", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript