Әйелінің интимдік суретін таратқан қазақстандық бас бостандығынан айрылды

Социальные сети, instagram, facebook, whatsapp, vkontakte, twitter, tiktok, инстаграм, фейсбук, вотсап, твиттер, контакт, вконтакте, тикток, телефон, мобильный интернет, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 15:52 Фото: unsplash
Орал қалалық сотында әйелінен ақша талап еткен және оның интимдік суретін таратқан ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО облыстық сотының ақпаратынша, ерлі-зайыптылар некеде болған кезде, әйелі күйеуінің өтініші бойынша өз еркімен интимдік сипаттағы суреттерді жіберген.

Кейінірек араларындағы келіспеушіліктер орын алып, әйелі некені бұзу туралы арыз берген кезде, күйеуі келіспеген. Сөйтіп ол әйелін масқара ететін интимдік сипаттағы фотосуреттерін таратамын деп қорқытып, одан ақша талап ете бастаған.

Ақыры ер адам өзінің ұялы телефонынан әйелдің әкесінің ұялы телефонына, сондай-ақ Whatsapp мессенджеріндегі жалпы топқа одан бұрын алынған интимдік сипаттағы фотосуреттерді жіберген.

Осылайша айыпталушы кінәлі деп танылып, ол 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Шымкентте полицейді капотқа салып сүйреген ер адамға үкім шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: