Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде жаппай төбелестің соңы кездейсоқ кісі өлімімен аяқталды

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2024 11:33 Фото: pexels
Ақтөбеде абайсызда өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 қыркүйектегі Ақтөбе қаласының №2 сотының ақпаратынша, сотталушы 2024 жылдың қаңтар айының басында өзінің таныстарымен бірге топ болып басқа елді-мекеннің балаларымен сөйлесуге барып, арты төбелеске ұласқан.

"Төбелес барысында сотталушы Ғ. пышақпен соққы алып жерге құлап жатып, жерден пышақты көріп қолына алып, қорғану мақсатында сермеген кезде, байқаусызда өзімен бірге барған танысына сұғып алып, абайсызда қазаға ұшыратқан",- делінген хабарламада.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіні абайсызда қазаға ұшыратқанын айтып, істеген әрекетіне өкініш білдіріп, жәбірленушілерден кешірім сұрады.

Соттың үкімімен айыпталушы ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына 6 млн тенге моральдық зиян және 800 мың теңге өкілдік шығындар өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін мамыр айының соңында Ақтөбе осыған ұқсас тағы бір жайт тіркелген болатын. Онда жаппай төбелестен 18 жастағы бозбала қаза тапты. Тағы сегіз жігіттің аяғына оқ тиіп, ауруханаға түскен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: