Алматыда егеуқұйрықтарды жою шаралары жүргізілуде

25 қазанға дейін Алматы қаласында кеміргіштермен күрес бойынша ауқымды дератизация жүргізілуде. Бұл санитарлық шара жылына екі рет өткізіледі: көктемде және күзде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімдігінің ақпараты бойынша, мамандандырылған ұйымы ашық аумақтарды, өзендер мен су айдындарының жағалауын, сондай-ақ 50 мың гектарға жуық алаңдағы жеке үйлердің аумағын өңдейді.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Дератизацияның мақсаты – кеміргіштер санын азайту және жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау.
Бұған дейін Алматы облысында Сібір жарасын жұқтырғандардың саны артқаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript