Астанада кеміргіштермен күрес басталды

Астанада кеміргіштермен күрес басталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2025 13:48 Сурет: gov.kz
Астанада 2025 жылы кеміргіштермен күрес екі маусымда – көктем мен күзде жүргізіледі. Сәуір айында дератизация жұмыстары басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің ақпаратынша, жабық станциялар 21 сәуірден 18 мамырға дейін, ал ашық станциялар 20 сәуірден 1 маусымға дейін жұмыс істейді.

Жеке сектор (тұрғын аумақтар) және ашық аумақтар (саябақтар, өзендер, су қоймалары, каналдар, зираттар) өңдеуге жатады.

"Жеке сектор тұрғындарына арнайы уландырғыштар тегін таратылады, ал қауіпсіздік техникасы бойынша түсіндіру жүргізіліп жатыр. Дератизация Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген уландырғыштарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.",- делінген ақпаратта.

Қорытындылай келе, әкімдік мұндай шаралар кеміргіштердің санын азайтып, аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет екенін айтты.

Бұған дейін Алматы ботаникалық бағының келушілеріне енгізілетін шектеулер жайлы айтқан болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: