Жаңалықтар тізбегі
0

Көктемде Астана әуежайында күрделі жөндеу жұмыстары болады

Көктемде Астана әуежайында күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2024 09:17 Сурет: Zakon.kz
Сәуір айында елорда әуежайының ұшу-қону жолағы мен аэродромына күрделі жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күрделі жөндеу жұмыстары алдын ала жоспар бойынша 12 айға созылады. Дегенмен, әуежай күрделі жөндеу кезінде жұмысын жалғастырады. Ұшу және қону тек күндізгі уақытта ғана шектелуі мүмкін.


"Халық тарапынан да, мемлекет басшысы тарапынан да Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағына әділ сын айтылып жатыр, сондықтан біз үшін елорда әуежайының аэродромына күрделі жөндеу жүргізу өте маңызды. Аэродром мен ұшу-қону алаңы күрделі жөндеуден өткен жағдайда Астана әуежайының транзиттік әлеуеті артып, ұшу қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтеріледі. Әуежайдың көбірек жүк рейсін қабылдауға техникалық мүмкіндігі артады", - деді Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев.

Әуежайды басқаруды қолға алған Terminals Holding өкілдері аэродромды күрделі жөндеуге қызу дайындық жүргізіп жатқанын атап өтті. Инвесторлар жобалық-сметалық құжаттаманы қаңтар-ақпан айларында талдап, ақпанның соңы мен наурыздың басында мердігерді анықтауды көздеп отыр.

Алдын ала жоспарлар бойынша, мердігер наурыз айының ортасына дейін барлық ресурстарын жұмылдыруы керек. Инвесторлардың жоспары бойынша, егер ауа-райы қолайсыздық тудырмаса, сәуір айының басына қарай аэродромда күрделі жөндеу жұмыстары басталуы керек, ол бір жылға жуық уақытқа созылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: