Қарағандыда газ жарылып, үш адам зардап шекті
Сурет: Қарағанды қалалық ТЖД
2024 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында ауаға тараған газдан жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Природный көшесіндегі тұрғын үйдің гаражында газ-ауа қоспасының тарсылы болды. Салдарынан үш ер адам зардап шекті. Олардың екеуі - "Хантер газ", тағы бірі - "ГазВей" компаниясының қызметкерлері.
Сурет: Қарағанды қалалық ТЖД
"ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалының шұғыл бригадасы оқиға орнында бір зардап шеккен адамға жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті, ол Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді". Қарағанды қалалық ТЖД
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript