Жаңалықтар тізбегі
0

Грузияда шахта жарылып, 10 адам зардап шекті

Кен орны, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2022 17:38 Сурет: www.newsgeorgia.ge
Жарылыс осыдан біраз уақыт бұрын Ткибулидегі (Имерети облысы) Миндели көмір кенішінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Mtavari телеарнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, жарылыстан он шақты кенші зардап шекті, олардың екеуінің жағдайы ауыр.

«Сакнахшири» операторлық компаниясы журналистерге оқиға болғанын және бірнеше адамның жарақат алғанын растады. Қазір компания өкілдері мән-жайды анықтауда.

Бүгінгі таңда Ткибулиде екі шахта бар - Миндели және Дзидзигури. 2018 жылдың шілдесінен бастап 12 жұмысшының өмірін қиған қайғылы оқиғалардан кейін аймақтағы қалған 25 көмір кен орны жабылды.

Ткибулидегі шахталар «Сакнахшири» (Грузуголь) компаниясына тиесілі. Жалпы мұнда 1,2 мыңға жуық адам жұмыс істейді, оның жартысы көмір өндіруде жер астында жұмыс істейді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: