Ақтөбедегі дәмханада газ жарылып, екі адам зардап шекті

Ақтөбедегі дәмханада газ жарылып, екі адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 11:35 Сурет: Instagram/aktobe_typical
2026 жылғы 13 қарашада таңертең Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде газ жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 10:28-де Тәуелсіздік даңғылы, 14/1 мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада газ-ауа қоспасы тұтанған.

"Соның салдарынан жапсарлас салынған құрылыс опырылып, артынша өрт шықты. Сондай-ақ тұрғын үйдің терезелері зақымданды. Оқиға орнына облыстық ТЖД күштері мен техникасы дереу жетті. Сағат 10:53-те өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан екі адам зардап шегіп, жедел жәрдем бригадасы оларды ауруханаға жеткізді", – деп хабарлады ТЖД.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға департаменттің 45 қызметкері мен 10 техникасы жұмылдырылды.

"Оқиға орнында ТЖД бастығы жүр. Қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін, 29 қазанда Атыраудың Авангард-2 шағынауданында үш қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған қазандықта газ жарылған еді. Салдарынан бір адам зардап шекті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: