ММА аралас жекпе-жегінің танымал жұлдызы ТЖМ құтқарушылары қатарына алынды

Артем Резников, ММА аралас жекпе-жегінің шебері, ТЖМ, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 14:29 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Белгілі қазақстандық спортшы Артем Резников ТЖМ құтқарушыларының қатарына алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Артем Резников – ММА аралас жекпе-жегінің қазақстандық танымал спортшысы, АСА (Absolute Championship Akhmat) қамқорлығымен жеңіл санаттагы дивизионның белсендісі, жеңіл салмақтағы АСА гран-при атағының иегері. ТЖМ басшылығы дәстүрлі түрде жеке құрамның дене шынықтыру дайындығына ерекше назар аударады", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің 2024 жылы 14 қыркүйекте жариялаған хабарламасында.

Сондай-ақ спортшының міндетіне әдістемелік және практикалық көмек көрсету, Алматы қаласы ТЖД гарнизонында спорт идеологиясын насихаттау, халықаралық спорт аренасында құтқарушылардың имиджін арттыру кіретіні де нақтыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: