Алматыда жаңбырдан кейінгі тайғақтың салдырынан автокөлік жол апатына ұшырады
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 18 қыркүйекке қараған түні Керей мен Жәнібек хандар көшесінде ЖКО орын алды. Жаңбырдан кейінгі тайғақ жолдың салдарынан автокөлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға Медеуге барар жолда болды.
Mercedes-Benz C-класс көлігі жоғарыдан төмен қарай түсу кезінде, бұрылыстардың біріндегі сырғанақ жолда апатқа ұшырады.
Нәтижесінде автокөлік қарсы жолаққа шығып, темір қоршауларға соғылды. Сәл болмағанда аударыла жаздаған.
Абырой болғанда, қарсы жолақтағы көліктер дер кезінде тоқтап үлгерген.
Осылайша жол жиегіндегі қатты соққыдан кейін Mercedes-Benz C-класс көлігі өзінің жүріс бөлігіне қайта оралған.
Апат салдарынан екі жолаушы зардап шекті. Қазір олар ауруханада. Ал, жүргізушіні медициналық куәландыруға алып кетті.
Бұған дейін Жамбыл облысындағы тас жолдардың бірінде жеті адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты орын алғаны хабарланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript





