СҚО-да кеңінен қолданысқа ие екпені салған науқас бақилық болып кете жаздады
Сурет: Zakon.kz
СҚО-да бактерияға қарсы "Цефазолин" екпесін салып, жағдайы күрт нашарлаған тұрғынға реанимациялық шаралар жүргізген жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері, науқасты о дүниеден қайтарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға 2024 жылы 19 қыркүйекте болған. Кешкі уақытта "103" шұғыл байланыс желісіне цефазолин инъекциясынан кейін өзін нашар сезінген ер адам туралы қоңырау келіп түсті.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің бригадасы аттанды, олардың алдынан науқасты демеп туыстары да шықты.
"Көлікте науқасты тексеру кезінде жағдай тұрақсыз гемодинамикаға байланысты ауыр екені анықталды. Көмек көрсету кезінде монитор қан айналымы тоқтағанын көрсетті. ACLS стандарттары бойынша кеңейтілген реанимациялық іс-шаралар дереу қолға алынды. Жанама жүрек массажы, ларингеальды маска арқылы аппараттық желдеткіш, адреналин инъекциясы, тұзды инфузия жүргізілді", делінген облыстық жедел жәрдем қызметі баспасөз қызметінің хабарламасында.
20 минуттық реанимациялық әрекеттен кейін қан айналымы қалпына келді.
"Реанимациядан кейінгі іс-шаралар өткізілді. Вазопрессорлық қолдауы және желдеткіші бар науқас көпсалалы қалалық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, стационарда бақылауда".
Ақ халаттылар пациенттер мен олардың туыстарына бактерияға қарсы препараттарды бақылаусыз қолдану анафилактикалық шокқа және қан айналымының тоқтауына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript