Атырауда өрт орнынан әйел адамның мүрдесі табылды

Атырауда өрт орнынан әйел адамның мәйіті табылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 10:34 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
25 қыркүйекте Атырау қаласы Алмагүл ықшамауданында алты қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға тұрғын үйдің 1 қабатында пәтерде 74 ш. м. алаңда орын алды. Құтқарушылар өртті сөндіріп қана қоймай, жалпы саны 67 адамды эвакуациялады. 

Алайда, оқиға орнында 70 жастағы әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ, оның 30 жастағы ұлы күйік алып ауруханаға жатқызылды.


"Өрттің алдын ала себебі - қасақана өртеу",- делінген хабарламада. 

Бұған дейін Алматыдағы моншада өрт шыққаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: