Талғарда түнгі төбелес кезінде атыс болды: бір адам қаза тапты

Талғарда түнгі төбелес кезінде атыс болды: адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2024 11:37 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының Талғар қаласында 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні бір адамның өлімімен аяқталған төбелес болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті Instagram-да Менделеев көшесінің бойындағы "Қытай дүкенінің" жанында сағат 2:30 шамасында атыс дыбыстары естілгендігі туралы ақпарат пайда болды.

Сурет: kris_p_talgar

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты.

"Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер сөзге келіп қалып, артынша жанжалға ұласқан. Салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі алған жарақатынан жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды."

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: