Еліміздің батысында төбелес кезінде жасөспірім қаза болды

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 13:32 Фото: pexels
2026 жылғы 20 наурызда түнде Ақтөбе облысының Шалқар қаласында жастар арасында жанжал туындады. Төбелес нәтижесінде 17 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қылмыстық іс қозғалды.

"Жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады ПД.

Қазір барлық қатысушылардың әрекеттеріне заң аясында құқықтық баға берілуде.

Тергеудің барысы Полиция департаменті басшысының бақылауында.

"Кінәлі тұлғалар заңда көрсетілген тәртіппен жауапқа тартылады", – деп қорытындылады тәртіп сақшылары.

Бұған дейін Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: