Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды
Сурет: Zakon.kz
Toyota Hiace автобусының жүргізушісі атап өткендей, ол Мамбетов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан.
Соқтығысар алдында ол жолаушыны түсіріп, енді ғана жылдамдық тежегішін басқан. Оған қарама-қарсы бағытта көліктер тығыз әрі ақырын жүріп келе жатқан.
Күтпеген жерден осы көлік ағыны арасынан мопед суырылып алға шығып, онымен бетпе-бет соқтығысқан.
Жүргізуші тежегішті аямай басқан, өйткені рөлді бұрып жіберетіндей бос жер болмаған, қалай дегенмен де соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Соққының күшті болғаны соншалықты, жүргізушісі мопедімен бірге бірнеше ондаған метрге ұшып түскен.
Апат салдарынан мопед жүргізушісі дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды.
Жігіт курьер болып жұмыс істейді, тамақ тасиды деп болжанады. Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері мен криминалист-анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.




