Аланияда жол апаты болды: зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар да бар
Сурет: ntv.com.tr
Бүгін таңертең Аланияда тас жолда шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сырқы істер министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, автобуста Қазақстан азаматтары болған.
Қазір оқиғаның мән-жайы мен қандастарымыздың жағдайын анықтау үшін консул дереу осы өңірге аттанған.
Туристік фургонның жүргізушісі мен украин гидінің оқиға орнында қаза тапқаны анықталды, деп жазды ntv.
12 турист, оның ішінде алты адам ауыр жарақат алған, олар Алания және Манавгат аудандарындағы ауруханаларға жеткізілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript