Ұлытау облысында қайықпен су айдынына шығып, адасып кеткен балықшылар табылды
Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ құтқарушылары түнде қайықпен балық аулаймыз деп адасып кеткен екі адамды тапты. Дабыл белгісі 3 қарашаға қараған түні 112 шұғыл байланыс желісіне келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Балықшылар Ұлытау облысындағы Сарысу көлінде адасқан. Дабыл қағылған себебі ер адамдар байланысқа шығуды доғарған.
"Оқиға орнына жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен жүзіп, адасып кеткен 1960 және 1968 жылдары туған ер адамдарды тапты. Олар зардап шеккен жоқ", делінген министрлік хабарламасында.
Сурет: ҚР ТЖМ
Бұған дейін Ақтөбе облысында төтеншеліктер жолда қалып кеткен үш адамды құтқарғанын хабарлағанбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript