Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік рәміздер Талғар ауданындағы қоқыс үйіндісінен табылды - полиция мен әкімдік не дейді

Мемлекеттік рәміздер Талғар ауданындағы қоқыс үйіндісінен табылды - полиция мен әкімдік не дейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2024 13:33 Сурет: Instagram/ile_krai
Алматы облысы Талғар ауданында Мемлекеттік рәміздер қоқысқа тасталды. Аталған дерек бойынша аймақ полициясы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті блогерлердің бірі Instagram-да Еркін ауылында өрескел жағдай орын алғанын айтып, бейнені жариялады. Қоқыс алаңында түсірілген бейнеден үш Мемлекеттік Елтаңба мен жалаушаға ұқсайтын көк материал көрсетілген. Бұған ашуланған қазақстандықтар пікірлерде кінәлілерді тауып, жазалауды талап етті.

Облыстық полиция департаменті "мемлекеттік рәміздерді қорлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады" деп мәлімдеді.

"Талғар аудандық полициясының қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша қажетті жедел іс-шараларға бастамашылық жасады. Кінәлі адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады". Алматы облысы ПД

Сондай-ақ, басылымға аудан әкімдігі де жауап берді.

"Бұл қоқыс Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің Еркін ауылының жеке аумағында орналасқан. Қазіргі уақытта ЖАО қызметкерлері қоқыс төгетін жерді тексерді. Көрнекі тексеру кезінде аталған мемлекеттік рәміздердің жанында білім беру мекемесі – колледждің құжаттары бар екені анықталды, мән-жайлар анықталуда. Қазіргі уақытта полигон орнынан Мемлекеттік рәміздер алынып тасталды".

Ведомствода Мемлекеттік рәміздер ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы №862 қаулысымен бекітілген Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларына сәйкес жойылатынына сендірді. Ал кінәлі адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

"Аталған мемлекеттік рәміздер Талғар ауданының мемлекеттік мекемелеріне тиесілі емес деп ресми мәлімдейміз, осыған байланысты қазіргі уақытта бұл мәселені Талғар ауданының ПБ қызметкерлері қарайды". Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда 37 млн теңге айыппұлын төлемеген жүргізушілер анықталғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: