Астанада екінші аусымда оқитын 9-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқуға көшті

Метель, снег, снегопад, зима, ветер, Астана зимой, холод, мороз, заморозки , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 13:10 Фото: Zakon.kz
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтардың қашықтан оқыту форматы жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорданың білім басқармасының ақпаратынша, 2024 жылғы 7 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Айта кетейік, ауа райының күрт нашарлауына байланысты елордалық бірінші ауысымда оқитын 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақты қашықтан оқуға көшкен болатын. 

Бұған дейін 6 қарашада Астана әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешіктірілгені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: