ШҚО-да сарбаз суицид жасады

Шығыс Қазақстан облысында сарбаздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2024 жылғы 8 қарашада ҚР ҰҚК хабарлады.
"7 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша шекара қызметі департаментінде мерзімді әскери қызмет атқаратын сарбаз қайтыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша, өлім себебі — суицид", деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Бұған дейін көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген бұрынғы әкімнің мерзімінен бұрын босатылғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript