Алматыда ағаш тақтайлар сақталатын қоймада алапат өрт болды
Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
18 қарашада Алматыда ағаш сақтайтын қойма өртеніп, жедел қабылданған іс-шаралардың арқасында оттың көрші контейнерлерге таралуына жол берілмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Цветочная көшесінің бойында орналасқан өнеркәсіптік базалардың бірінің аумағында сағат 16-00 шамасында ағаш материалдары отқа оранған.
"Өрт сөндіру бөлімшелерінің қабылданған жедел шараларымен қысқа мерзімде оттың барлық ағашқа, сондай-ақ құрғақ ағашы бар көрші контейнерлерге таралу қаупі жойылды. Жоғары қаупіне қарамастан, өрт 140 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу ескертіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript