Жаңалықтар тізбегі
0

"Астанада полицей қыз зорлады" - ПД түсініктеме берді

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2024 13:17 Фото: polisia.kz
Астанада полиция зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 29 қарашада әлеуметтік желілерде Астанада жалдамалы пәтерде Ақмола облысы ПД Бурабай ауданы ПБ жедел уәкілі, аға лейтенанттың 21 жастағы қызды зорлағаны туралы ақпарат пайда болды.

Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Тергеу жүргізілуде. Күдікті — бұрынғы полиция қызметкері, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол теріс себептермен ІІО-дан босатылды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", — делінген түсініктемеде.

Бұған дейін Астанада күтуші әйел жарты млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлағаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: