Астанада лак-бояу өнімдері сақталған қойма өртенді

Өрт, Астана, ангар, лак-бояу өнімдері, қойма, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2024 12:34 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Астанада өрт сөндірушілер лак-бояу өнімдері сақталған ангар үлгісіндегі қоймадағы қызыл жалынмен күресті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына 26 өрт сөндіруші пен бес арнайы техника жұмылдырылды. 

"Алматы ауданы Жамбыл Жабаев көшесінде орналасқан лак-бояу өнімдері сақталған қойма өртеніп жатқаны туралы ақпарат кезекші байланыс желісіне 30 қарашада таңертеңгі сағат 08.17 уақытында келіп түскен. Өртті ауыздықтау сағат 09-26 шамасында мүмкін болды", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: