Жүргізуші де, жолаушылар да есірткілік мас күйде болды: Шымкентте үш есірткі жасырушы ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, машина полиции , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 11:54 Фото: Zakon.kz
Шымкентте үш есірткі жасырушы ұсталды. Олардан аса ірі мөлшерде әртүрлі психотроптық заттар тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілерді патрульдік полиция полкінің инспекторлары таңғы 6:00 шамасында анықтады. Көлік тоқтатқан кезде жүргізуші мен екі жолаушының әрекеті тәртіп сақшыларының күдігін туғызды.

Тексеру барысында жолаушылардың бірі бой тасалауға тырысты, бірақ бірден ұсталды. Күдіктілерден 1 келіге жуық есірткі тәркіленді.

Полицейлердің қырағылығының арқасында қара нарыққа "синтетиканың" бір реттік мың дозасы жіберілмеді. Ұсталғандардың қала аумағында синтетикалық есірткі таратумен айналысқаны анықталды. Аталған жайт бойынша Әл-Фараби АПБ-мен тергеу басталды.

Сонымен қатар медициналық куәландырудың нәтижесі үш ер адамның да есірткілік масаң күйде болғанын растады.

Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: