Атырауда ет сататын орыннан сібір жарасы табылды

Атырауда ет сататын орыннан сібір жарасы табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2024 16:55 Сурет: freepik
Сарапшылар сауда нүктелерін қайта тексеру кезінде сібір жарасының белгілерін тағы анықтады. Экспресс-тест эпидемиологтардың алаңдаушылығын растады: Атыраудың ірі базарларының бірінің ет павильонында қауіпті вирус табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратованың айтуынша, бұған дейін олар ет сатумен айналысатын 65 сауда нүктесін тексерген. Барлығы 700-ден астам сынама алынып, олардың барлығы теріс нәтиже көрсеткен болатын. Қайта тексеру барысында алынған үлгілер "Дина" базарының ет павильонында оң нәтиже көрсетті. Қауіпті вирус ет сатушылар қолданған пышақтардан табылды.

"2 желтоқсанда қайта сынамалар алынды. Нәтижені бірден анықтайтын тест біздің алаңдаушылығымызды растады. Алайда, зерттеудің соңғы нәтижелері 10 күн ішінде белгілі болады. Қазір 65 адам медициналық бақылауға алынды. 4 желтоқсанда эпидемиялық тексерістер басталды", - деді Алтынгүл Аймұратова.

Айта кетейік, ет павильонында 54 кәсіпкер ет сатумен айналысады. Олардың барлығы қазір дәрігерлердің бақылауында. Атыраудың барлық басқа базарлары жұмысын жалғастыруда. Сарапшылар тұтынушыларға сиыр етін сатып алу кезінде рұқсат құжаттарын сұрауға кеңес береді.

Алдында Zakon.kz сібір жарасының анықталуына байланысты Атырау тұрғындары ет сатып алудан қорқып қалғандарын жазған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: